Саясат

Сәрсенбі күні Астанаға Израиль премьері мен ірі іскерлік делегация келеді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуБиньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордамызда ірі іскерлік форум, сондай-ақ Израиль премьерінің ҚР президентімен, сенат спикерімен, еврей қауымымен кездесуін ұйымдастыру жоспарланған.

АСТАНА, 12 жел – Sputnik.  14 желтоқсан күні Израиль премьер-министрі  Биньямин Нетаньяху мен 70 адамнан тұратын іскерлік делегация және бизнес өкілдері алғаш рет Қазақстанға іссапармен келеді деп хабарлады ҚР-дағы Израиль мемлекетінің төтенше және құзыретті елшісі Михаэль Бродский.

"Бұл тарихи оқиға, өйткені тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне жасалған алғашқы ресми іссапар. Ол мұнда жұбайы және ресми делегациямен, баспасөз өкілдерімен бірге келеді, сонымен қатар 70 адамнан тұратын бизнесмендердің үлкен тобы ұшып келетін болады, олар қазақстандық бизнес өкілдерімен бірге форумға қатысады. Менің пайымдауымша, бұл соңғы жылдардағы біздің елдеріміз арасында өткелі отырған ең ірі бизнес форум", — деп хабарлады Бродский орталық коммуникациялар брифингінде.

Бизнес форум аясында, оның сөзіне сүйенер болсақ, төрт негізгі бағыт бойынша бизнесмендер арасында кездесу өтеді: ауыл шаруашылығы және сумен жабдықтау, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, энергетика және баламалы энергия.

Жаңалықтар
0