Өңірлер

Дүйсенбіде қазақстандықтарды жауын-шашынды ауа райы күтеді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖелді ауа райы
Желді ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 12 жел — Sputnik Қазақстанның бүкіл территориясында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, тек қана оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі. 

Павлодар облысында  бұрқасын жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді,  кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағаңды облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде бұрқасын,  жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі, Ақмола облысында жел екпіні 25 м/с күшейеді.  Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  жел 15-20 м/с  күшейеді.

 Маңғыстау, күндіз  Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.   Қостанай облысында жел 15-20 м/с  күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, түнде кей жерлерінде   жел 18 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ  күтіледі. Түнде  Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

 

 

Жаңалықтар
0