АСТАНА, 11 жел – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Стамбулдағы екі террорлық актіден кейін қазақстандықтардың сол жерде болуы туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ведомствоның ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
Қазақстан парламенті сенатының (жоғарғы палата) спикері Қасым-Жомарт Тоқаев террорлық актіге байланысты көңіл айтты.
"Стамбулдағы сұмдық теракт, көптеген адамдар қаза тауып, жарақат алды. Түрік халқына көңіл айтамын", — деп жазды Тоқаев өзінің Twitter аккаунтындағы микроблогында.
Terrible terrorist act in Istanbul, many people are dead and injured. My condolences to the Turkish people.
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 11 декабря 2016 г.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 11-12 желтоқсанда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлап отыр. Қайғылы оқиғадан кейін ол өз жоспарларын өзгертеді ме жоқ па әзірге белгісіз.
Стамбулдың орталығында екі террорлық акт орын алып, 30-ға жуық адам қаза тапты. Түркияда бір күндік қаралы күн жарияланды. Соңғы деректерге сәйкес, Стамбулдағы екі терактінің құрбандар саны 29-ға жетті. Бұл ретте олардың 27-сі полиция қызметкерлері. Жарылыстардан зардап шеккендер саны 166 адамға өсті. Бұдан бұрын 15 адам қаза тауып, 70 адам жарақат алды деп хабарланған. Түркия президенті Тайып Ердоған Стамбұлдағы екі терктінің мақсаты құрбандар санын неғұрлым көп болуында екенін мәлім етті. Сондай-ақ жарылыстарға байланысты 10 адамның ұсталғаны хабарланады.