Оқиға

БАҚ: Ақтөбеде мұнай ұрлаған ҰҚТ ісі бойынша екі адам қамауға алынды

© AP Photo / Scott EisenҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде мұнай ұрлау ісі бойынша күдікті 15 адамның екеуі сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

АСТАНА, 10 жел — Sputnik. Ақтөбе қылмыстық соты Ақтөбе МӨЗ-да жаппай мұнай ұрлау ісі бойынша екі күдіктіні қамауға алуға санкция шығарды деп хабарлайды Диапазон.

"Нұрлан Қазкенов пен Бауыржан Батыров ҰҚТ-қа қатысып, ұрланған мұнайды тасымалдағаны үшін айыпталып отыр. Олар мұнайды мұнай тасығышпен тасымалдаған. Біреуі жұмыссыз, екіншісі такси шопыры. Күдіктілер оларды қамауға алмауды сұрады, өйткені олардың отбасы, бала-шағасы, тұрақты мекен-жайы бар. Нұрлан Қазкеновтың бес баласы, Батыровтың үш баласы бар екен. Батыровтың құлағы дұрыс естімейтін көрінеді".

ҚР арнайы қызметі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбедегі арнайы операция: ҰҚТ мүшелері ұсталды

БАҚ мәліметінше, күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Сонымен қатар, басылымның хабарлауынша, сот жақын арада бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың басқа күдіктілерді қамауға алу туралы өтінішін қарастырады. Күдіктілердің жалпы саны 15 адам.

Жаңалықтар
0