Видео

Астаналықтар "Назарбаевпен бірге" флешмобқа қосылды

Жазылу

Қазақстандықтар #Мыжиливоднойстране (Біз бір елде өмір сүрдік) хештегімен басталған ән салау флешмобына қосылды. Бұл флешмобтың бастағанына бір айдан енді асып, өз бастауын Запорожье қаласынан алды. Онда қала тұрғындары жергілікті вокзалда "Весна на заречной улице" кинофильмінен ән айтты.  Осылайша, олар осы жылы өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтетін "Запорожстальді" құттықтамақ болған. Айта кететін жәйт, аңызға айналған кеңес фильмі осы қалада түсірілген. 

Запоржьеден флешмоб Украинаның өзге вокзалдарында жалғасын тапты. Харьковта "Старый клен", Одессада "Смуглянка" әндері орындалды. Мәскеуде, Киевтік вокзалда — "Розпрягайте хлопці коней", Рим мен Днепропетровскіде – "Катюша", ресейлік Благовещенскіде әзілді "Ти ж мене пiдманула" әні орындалды. Ресейлік қоғам қайраткерлері мен тарихшылар Армен Гаспарян және Николай Стариков өлеңдік бастаманы қолдап, өздерінің интернеттегі парақшаларында жазылушыларына #Мыжиливоднойстране хештегімен тиісті үндеу жариялады. 

Бұл шараға Sputnik ақпараттық агенттігінің жақын шет елдерде орналасқан редакциялары қосылып, халықтық бастамаға әлеуметтік желіде қолдау білдірді. 


Жаңалықтар
0