АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Солтүстік Қазақстанның полиция қызметкерлері ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап таңғажайып флешоб өткізді деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сағындықова Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оның мәліметінше, өңірлік полицияда қызмет ететін Тәуелсіз Қазақстанның 82 құрдасы, сондай-ақ 25 патрульдік көлік бұл тамаша іс-шараға жұмылдырылған.
© Photo : СҚО ІІДСолтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіз Қазақстанның 80-нен астам құрдас полицейлері флэшмоб ұйымдастырды
Солтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіз Қазақстанның 80-нен астам құрдас полицейлері флэшмоб ұйымдастырды
© Photo : СҚО ІІД
"Мұндай шара өткізу арқылы, бұл мерейтойдың қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келеді. 25 жыл ішінде қазақстандық полиция, жүргізіліп жатқан реформалар нәтижесінде, қоғамдық қауіпсіздіктің діңгегіне айналды. Ел тәуелсіздігінің 36 құрдасы аудандық бөлімшелерде қызмет етеді, ал 46 – қалалық және облыстық аппаратта", — деді СҚО ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов.