Өңірлер

Шымкентте жарылыстан жеке үй қирады

© Photo : Otyrar.kzШымкенттегі үй жарылысы
Шымкенттегі үй жарылысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірден екі отбасыны баспанадан айырған жарылыс себебі анықталуда.

АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Шымкент қаласы Игілік шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйде жарылыс болды деп хабарлайды Otyrar.kz.

ТЖ 8 желтоқсан бейсенбі күні сағат кешкі 9 кезінде қосарланған (екі үй иесіне) жеке үйде орын алған. Себептері қазір анықталуда.

Зардап шеккендер жоқ, алайда үйді қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Бастапқы берілген мәлімет бойынша, жарылыстың себебі – үй тұрғындарының қауіпсіздік талаптарын орындамауы, дегенмен нақты себептер бірнеше сараптама жүргізгеннен кейін белгілі болады. Бұзылған үйлердің иелеріне әкімшілік уақытша баспана берді. Қазір ауданның газбен қамсыздандырылуын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0