Қоғам

8 желтоқсан күні ең көп талқыланған жаңалықтар

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтукішкентай қыз
кішкентай қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан сіздерге өткен бейсенбі, 8 желтоқсан күні қазақстандықтарды ненің қаттырақ қызықтырғанын айтып береді.

АСТАНА, 9 жел – Sputnik. "Төрт ағайынды" ҰҚТ көшбасшысы тергеуге жеткізілді; боксшылар Левит пен Ниязымбетов "алтын" сыйақыларын алды; ЭКСПО нысандарында жарақат алудың 10 дерегі орын алды; тас жолда екі жасар баланы құтқарған ер адам наградаға ұсынылуы мүмкін осы туралы Sputnik Қазақстан шолуында. 

Бір күн бұрын мұнай ұрлау бойынша болжамды ұйымдастырушылардың бірі Алматыдан Ақтөбеге жауап алу үшін жеткізілгендігі белгілі болды. Телеарнаның деректеріне сәйкес, Қазақстанның бірнеше өңірінде жүргізілген арнайы операциядан кейін мұнай ұрлауға қатысы ар бірқатар тұлғалар ұсталған екен. Ұсталғандар қатарында болжам бойынша, көп жылдардан бері сал болып қалған спорт меценаты, еліміздегі "Ағайынды төртеу" деген лақап атпен танымал қылмыстық топтың серкесі 50 жастағы Еркін Ізбасаров та бар.

"Арнайы қызмет Ізбасаровты Ақтөбе облысындағы мұнай ұрлаудың ұйымдастырушылардың бірі деп санайды. Ол күрделі сызба әзірлеп, ол бойынша ұрланған "қара алтынмен" байып келген. Оған аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттер көмектескен, олардың бірі ұсталды", — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Елордалық прокурорлар жыл басынан бері ЭКСПО-2017 нысандарында онға жуық дерек анықталды, оның ішінде екі өліммен аяқталған және алты жарақат алу жағдайы туралы айтып берді. Қадағалау ведомствосының ақпаратына сәйкес, 2016 жылдан бастап, өкілетті органдар "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының дирекциясымен бірігіп көрме нысандарында өндірістік жарақат алу жағдайлары бойынша жұмыс жүргізді.  Прокурордың мәлімдеуіне сәйкес, мониторинг құрылыста тартылған субмердігерлік ұйымдардың қызметінде "онша сәтті емес көріністі" анықтаған.

Қазақстандықтарды Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегерлері боксшылар Василий Левит пен Әділбек Ниязыметовтың алтын медальге тиесілі сыйақы алғандары қуантты.

Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке 34 миллион теңге көлемінде Олимпиада ойындарының алтынға тең сыйақысын беру туралы тапсырманы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берген. Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету кезінде елбасы Левит пен Ниязымбетовтың күмісі баршамыз үшін алтын секілді деген болатын.

Жағымды жаңалықтарға "Астана-Бурабай" тас жолындағы апаттан екі жасар баланы құтқарған ер адамды мемлекеттік наградаға ұсынуы мүмкін деген хабарлама да жатады. Бұл турал "Хабар" телеарнасы хабарлады. 4 желтоқсан күні  Астана-Щучинск автобанында орын алған жан түршіктірерлік  жол апатында бірнеше көлік соқтығысты; бұғатталып қалған автокөлікте қалып қойған әйелдерді құтқармақ болған ер адам қаза тапты. Апат Атамекен ауылының маңында орын алды. Соқтығысу салдарынан көліктердің бірі Nissan Cefiro автокөлігінің есігі бұғатталып қалады. Алайда жүргізуші амал тауып шығып алады да, салон есігін ашуға тырысады. Оған көмекке ВАЗ-2106 жеңіл көлігінің жүргізушісі келіп, капотқа шығып алып аяғымен көліктің терезесін сындыруға тырысқан болатын. Осы уақытта Бурабайдан Астанаға жол тартқан, салонында 49 жолаушысы бар автобус оларға соқтығысады. Соқтығысу салдарынан оқиға орнында Астана қаласының 1984  және 1967 жылы туылған екі тұрғыны, 1994 жылғы Зеренді ауданының тұрғыны, сонымен қатар көмектеспек болған "ВАЗ-2106" көлігінің жүргізушісі,  Бурабай ауданының 1966 жылғы тұрғыны қаза тапты.  


Жаңалықтар
0