АСТАНА, 9 жел – Sputnik. Өмірге оптимистік тұрғыдан қарайтын әйелдер, орташа есеппен алғанда күйзеліске көп түсетін нәзік жандыларға қарағанда, ұзағырақ өмір сүріп, обыр, жүрек аруы, инсульт және өкпенің қабынуынан сирек көз жұмады, деп мәлімдейді гарвардтық ғалымдар мақалада, деп хабарлайды РИА Новости American Journal of Epidemiology басылымына сілтеме жасай отырып.
"Бүгін біздің күш-жігеріміз негізінен белгілі бір ауруға шалдығу қауіпін қысқартуға бағытталған. Бұл ретте біздің және басқа да зерттеулер көрсетіп отырғандай, психологиялық тұрақтылықтың артуы да осының бәріне әсер етеді. Біз адамдардың оптимизмін көтеру қажеттілігін көрсеттік, өйткені ол салауатты өмір салтын ұстануға мәжбүрлейді", — деп мәлім етті АҚШ Гарвард университетінен Эрик Ким (Eric Kim).
Ким мен оның әріптестері мұндай тұжырымға 2004-2012 жылдар аралығында өткізілген мейір бикелер арасындағы денсаулық мониторингін жүргізу жобасы аясында арнайы әлеуметтік және денсаулық сақтау қызметтері жинаған деректерді зерттеу арқылы келген.
