Саясат

Елбасы Пәкістан мен Индонезияға адамдардың қазасына байланысты көңіл айтады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пәкстанда 7 желтоқсан күні жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, сол күні Индонезияда күші 6,5 магнитудалық жер сілкінісі болды

АСТАНА, 8 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия және Пәкістан басшыларына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Жеделхатта Пәкістандағы ұшақ апаты салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Пәкістан халқына көңіл айтты. 

Пәкістандағы ұшақ апаты: ТЖ орнында түсірілген кадрлар - Sputnik Қазақстан
Видео
Пәкістандағы ұшақ апаты: ТЖ орнында түсірілген кадрлар

Бортында 47 жолаушысы бар ұшақ сәрсенбі күні Пәкстанда Хавелиан қаласының маңында апатқа  ұшырады. БАҚ-та жарияланған ұшақ жолаушыларының тізімі 42 адамнан тұрады, оның 31-і ер адам, тоғыз әйел мен екі бала бар. Олардың кем дегенде үшеуі шетел азаматтары. 

Сондай-ақ, Қазақстан басшысы  Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Ачех провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Сәрсенбі күні таңертең батыс Индонезия провинциясы Ачехте 6,5 магнитудалық жер сілкінісі орын алды. Ең қатты зардап шеккен Пидиджая ауданы. 560-қа жуық ғимарат пен тұрғын толық немесе жартылай қираған. 18 мешіт, үш мектеп пен екі зауыт айтарлықтай зақымданып, аурухана қираған. 752 адам жарақат алды. 


Жаңалықтар
0