"Ата-ана ретінде, жүрегім сезімге толы. Әлі барлығы алда, мүмкін біз әзірше не болып жатқанын түсінбей жатқан шығармыз, бірақ бұл біз үшін қуанышты жаңалық. Сәбилерді де көптен бері күткен едік. Қатты сәби қалап отырған адамдарға, армандарының орындалуын тілеймін", — деді Слтанат Спанова.
Енді Спанов әйелі мен сәбилері — Арсен, Әлихан, Диара және Аделяның перзентханадан шыққанын асыға күтіп отыр.