Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке 34 миллион теңге көлемінде Олимпиада ойындарының алтынға тең сыйақысын беру туралы тапсырманы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев берген.
Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету кезінде елбасы Левит пен Ниязымбетовтың күмісі баршамыз үшін алтын секілді деген болатын.
Өз кезегінде, Василий Левит сыйақы тапсыру барысында қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді. "Елбасымыз бен Ұлттық олимпиада комитетіне алғыс білдіргім келеді. Бұл Қазақстанның олимпиада рухының иесі болып табылатынын көрсетеді. Біздің жеңістерімізде сіздердің де үлестеріңіз бар", — деді Левит.