АСТАНА, 8 дек — Sputnik. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясы 231 үміткерге президенттік "Болашақ" стипендиясын тағайындады, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.
Стипендия иегерлері магистратура мен докторантурада білім алады, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін болады. Стипендия иегерлерінің тізімі мұнда.
Жалпы 2016 жылы президенттік стипендия 544 адамға тағайындалды. "Болашақ" халықаралық стипендиясын Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы тағайындады. Осы жылдары 9 339 адам әлемнің үздік университеттерінде жоғары білікті білім алған.