Недәуір жасқа келіп қалған миллионер Джанлуки Ваккидің биіне ғаламтордағы жұртшылық таң тамаша болған еді. Ол жеке меншік кемесінің палубасында румба және танго билеп көрерменнің көзайымы атанған.
Ал, қазақ әжейінің ондай көп қаражаты жоқ болса керек, жеке меншік кеме сатып алуды тіпті армандамайтын да шығар. Соған қарамастан, қадірлі әжеміз қазақстандықтардың жүрегін мың бұралған биі және тамаша ұлттық киімімен баурап алды.
Sputnik Қазақстан агенттігі керемет бейнежазбаның кейіпкерін тауып, сұхбат алуға ынталы.