Қоғам

Боксшы Левит жетім балаға арнап білім беру депозитін ашты

© Photo : Казахстанская федерация боксаВасилий Левит и балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Багибергенов
Василий Левит и балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Багибергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Акция ұйымдастырушылары қазақстандықтарды балалар үйінің түлектеріне жоғары білім алуға көмектесуге шақырады.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik.  Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит елордалық 2-сынып оқушысы Алтынбек Бағибергеновтың атына арнайы білім беру депозитін ашты деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Алтынбек – елордалық балалар үйінің тәрбиеленушісі екен. Мектеп бітіргенге дейін оның есепшотында қомақты қаржы жинақталуы тиіс. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінде ашылған депозиттің кірісі жыл сайын 21%-ды құрайды, оның 7%-ы мемлекеттік сыйақы, қалған 14%-ы – банктің сыйақысы.

"Алтынбектің болашағы зор, міндетті түрде оқу оқып, жоғары білім алуы тиіс", — дейді Левит. – Меніңше, бұл үлкен бір істің бастамасы. Егер білім беру депозиті болашақта керегіне жарап жатса, демек еңбегіміздің зая кетпегені".

© Photo : Қазақстан бокс федерациясыВасилий Левит пен балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Бағибергенов
Василий Левит пен балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Бағибергенов - Sputnik Қазақстан
Василий Левит пен балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Бағибергенов
Жаңалықтар
0