Қоғам

Жетінші желтоқсанда көп оқылған жаңалықтар

© SputnikБалалар сырғанақта ойнап жүр
Балалар сырғанақта ойнап жүр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 7 желтоқсан күні бойынша ең өзекті жаңалықтар топтамасын назарларыңызға ұсынады.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik.  Қазақстанның батысында ірі масштабты арнайы операция жүргізілді; Қостанай облысында ЖЭС-дағы өрттің салдарынан екі адам қаза тапты; бургер жеп уланған оралдықтар үш миллион теңгедей өтемақы сұрап отыр; Нұрсұлтан Назарбаевқа голланд қызғалдақтарына арналған сертификат ұсынылды; осының бәрі Sputnik Қазақстан топтамасында.

Ақтөбеде 7 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде мұнай өнімдерін тасымалдаушы ҰҚТ мүшелері ұсталды.

Бұдан бөлек, радикал салафизмнің бірнеше ұстанушысы ұсталыпты, олар мұнай ұрлауға қатысы бар тұлғаларға басшылық еткен. 

Қостанай облысында ЖЭС-да өндірістік қондырғы жарылып кетіп, екі тазалаушы әйел қаза тапты. Құтқарушылардың мәліметінше, ТЖ сейсенбі күні 6 желтоқсанда сағат 15:30-да болған. 

БАҚ деректер бойынша, кафелердің бірінен бургер жеп уланған Орал тұрғындары үш миллион теңге өтемақы сұрап отыр.

Президентке арналған гүл: шетелдік инвесторлар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан президентіне 25 шоқ голланд қызғалдағына сертификат ұсынды. Бұл туралы Ақорда Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

 

 

Әдетте қазақстандықтарды алдағы күндердегі ауа райы болжамы қызықтырады. Бүгін 8 желтоқсанда синоптиктер боран соғып, қар жауады және көктайғақ болады деп болжайды

Жаңалықтар
0