АСТАНА, 7 жел — Sputnik. Бортында 47 адамы бар ұшақ Пәкістандағы Хавелиан қаласының маңында апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости Daily Pakistan газетіне сілтеме жасай отырып.
Басылым деректеріне сәйкес, бортында 42 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Лайнер Читрал қаласынан жергілікті уақытпен 15:30-да (16:30) ұшып шығып, сағат 16:40-та Исламабадқа қонуға тиіс болған. Бірақ ұшқаннан кейін біраз уақыттан соң радардан жоғалып кетті. Daily Pakistan басылымы хабарлағандай, әуе апатының себебі қозғалтқыштың істен шығуы болуы мүмкін.
Geo TV телеарнасы азаматтық авиация басқармасының өкіліне сілтеме жасай отырып, ұшақтың пилоты әуе диспетчерлердің радарынан жоқ болып кетерден шамалы уақыт бұрын апат сигналын берген.