Ресми деректер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан 25 мыңға жуық адам қаза тапты. Табиғи апаттың кіндігінде қалған Спитак қаласы толығымен қирап, үйіндіге айналды. Ленинакан, Кировакан және басқа да қалалар жартылай бүлінді.
Жойқын табиғи апат салдарын бүгінгі фотолентамыздан көре аласыздар.

7 желтоқсан - 1988 жылы Арменияда болған жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні

Спитак жер бетінен жойылды. Оның орнында құрылыс материалдарының үйіндісі ғана қалды.

Жер сілкінісінің салдары. Қаланың күл-талқаны шықты.

1988 жылы 7 желтоқсанда Арменияның солтүстік аудандарында жер сілкінісі болды, Спитак қаласында оның күші 10 баллға дейін жетті.

Швейцариядан келген құтқарушылар үйретілген иттермен үйінді арасынан зардап шеккен адамдарды іздестіруде.

Армениядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан 25 мыңға жуық адам қаза тапты.

Куба компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы, республиканың Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы Фидель Кастро мен басқа да ресми өкілдер Армениядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған қан плазмасының бірінші партиясын ұшақ арқылы жөнелтуде.

Австриядан келген құтқарушылар.

Қираған аудандарды қалпына келтіруге КСРО-ның бүкіл республикалары ат салысты. Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Ливан, Норвегия, Франция, ГФР және Швейцария сынды 111 ел КСРО-ға көмек қолын созып, құтқару құрылғылары, мамандар, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті.

Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің бірі - Лусина Карапетян

Ленинакандағы жер сілкінісінен қираған ғимараттар. Армениядағы жер сілкінісінен 25 мың адам қаза тауып, 140 мың адам мүгедек болып қалды, 500 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Кеңес әскерлері жер сілкінісінен зардап шеккендерге жеткізілген азық-түлікті қабылдауда.

Армениядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесуге келген Тереза ана баспасөз мәслихаты кезінде.

Армениядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге құрылған лагерь.

Жер сілкінісі құрбандарын жерлеу рәсімі.

Жеткіншек жер сілкінісі салдарынан бұзылған үйінің жанында отыр.
