АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Синоптиктердің ескертуінше, Қазақстанда бірнеше аймақта таяу күндері ауа райы күрт бұзыладыдеп хабарланды ҚР ІІД ТЖ жөніндегі комитет сайтында.
Астана мен Ақмола облысында бейсенбі және жұма күндері, 8-9 желтоқсанда боран соғады деп күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с.
Бейсенбіге қараған түні, 8 желтоқсанда, Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, 20-25 градус аяз болады, Атырау облысында – 12-20 градус аяз.