АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысы Сакмариха аулының бір ай бұрын жоғалып кеткен 65 жастағы тұрғынын іздестіруде деп хабарлады өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.
Жоғалған ер адам Риддер қаласынан 45 шақырым қашықтықтағы қыстаққа қайтып келе жатқан. Жолай таныстарының үйіне қонып, 2 қарашада сапарын әрі қарай жалғастырған.
"Сол күні ауа райы күрт құбылып кетті: қар аралас жаңбыр жауды. Содан бері ер адамды ешкім көрмеген. Қараша соңында қыстаудың жанынан өтіп бара жатқан аңшылар танысының үйінің жабық тұрғанын көрген. Үйдің жанында мал өз бетімен жайылып жүр екен", — дейді құтқарушылар.
30 қараша күні Риддер қаласының ТЖ жөніндегі басқармасының кезекші бөліміне әкесінің жоғалып кеткендігін айтып ұлы хабарласты. Крольчатник аулына арнайы көлікпен жедел құтқару отряды жіберілді. Әзірше іздеу жұмыстары еш нәтиже берген жоқ.