АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Арнайы операция кезінде қала орталығында жүрген Ақтөбе тұрғыны қалада бәрі тыныш, ешқандай дүрбелең туындаған жоқ деп хабарлайды.
ҚР ақпарат және байланыс министрлігі мәлімдегеніндей, арнайы қызметтер Ақтөбе мұнай өңдеу зауыты ауданында шара жүргізіп жатқан еді, қаланың әр бөлігінде қылмыскерлер ұсталуда. Арнайы операцияның мақсаты туралы ақпарат әлі айтылған жоқ.
"Әзірше, тым-тырыс, ештеңе естімедім. Ешқандай дүрбелең туған жоқ. Қала орталығында жүрмін, бәлкім, қала сыртында бірдеңе болып жатқан шығар", — деп хабарлады Ақтөбе тұрғыны Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Орталық көшемен келе жатырмын, тіпті жол полициясы да жоқ", — дейді тағы бір әйел.