АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Ғаламторда Қазақстан тумасы, спортшы қыз Эвника Садвакасованың жаттығу кезінде түсірілген бейнежазбасы пайда болды, онда жас боксшы бөлме есігінің күл-талқанын шығарады.
Тоғыз жасар боксшы үш жасынан бері бокспен айналысып келеді, ол мінсіз техника мен өте жылдам соққы тәсілдерін меңгерген. Бейнежазбаны ғаламторға оның әкесі жариялап отырады. Эвниканың рекорды – 30 секундта 206 соққы.
Қазіргі уақытта қыз отбасымен Воронеж қаласында тұрады.