Қоғам

6 желтоқсандағы басты жаңалықтар

© Sputnik / Еркен СалиховАстана, Бәйтерек
Астана, Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан шолуынан қазақстандықтарға сейсенбі, 6 желтоқсанның немен есте қалғанын оқыңыздар

АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Қазақстан президенті жаңа министрлік құруды ұсынды; барлаушы-офицер асылып қалған күйінде табылды; автокөлік асфальтпен ер кісіні сүйреп кетті; осының барлығы туралы біздің жаңалықтар топтамамыздан оқыңыздар. 

Сейсенбі, 6 желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық телекөпір өтті.  Президент елге озық технологиялар мен шетелдік инвесторларды тарту қажеттілігіне назар аударып, сауданы дамыту мен инвестиция тарту мәселесін Сыртқы істер министрлігіне беруді ұсынды. 

Қазақстандықтарды Атырауда 24 жастағы лейтенанттың асылып қалған күйінде табылуы тітіркендірді. 

3 желтоқсанда түске қарай, Молдағалиев көшесінің бойында гараж массивінде 41433 әскери бөлімшенің 24 жасар лейтенанты асылып қалған күйінде табылды. 

Қазақстанның батысында тағы бір оқиға болды. БАҚ-тың хабарлауынша, Ақтауда Kia Cеrato жеңіл көлігі жас жігітті қағып кетіп, асфальтпен бірнеше метрге сүйреп кетті. Ол аса ауыр хылде Маңғытсау облыстық ауруханасына жеткізілді. Соңынан біршама ауа райы туралы: Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауып, күндіз оңтүстікте қатты  жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады. 


Жаңалықтар
0