Әлем

Колумбияда ұшақтың құлауы: әуекомпания басшысы ұсталды

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апатқа ұшыраған ұшақ тиесілі авиакомпания иелеріне қатысты тергеу жүргізілуде

АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Таяуда Колумбияда ұшағы апатқа ұшыраған LaMia авиакомпаниясының директоры Густаво Варгас Гамбоа тағы екі қызметкерімен бірге Боливияда ұсталып, Санта-Круса прокуратурасына жеткізілді, деп хабарлайды РИА Новости авиа апаттың себептерін тергеу жөніндегі комиссия мүшесі прокурор Иван Кунтанильяға сілтеме жасай отырып. 

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
Колумбияда бразилиялық футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

"Компания басшысы мен зерттелуге жататын  құжаттарды ұстауға ордер берілді, жалпы тергелуде – алты адам бар, оның үшеуіне ұстау бұлтартпау шарасы қабылданған", —  деп келтіреді ABI агенттігі Кунтанильидің сөзін. 

Прокурордың айтуынша, LaMia-ның тең иегері Марки Рочиге қарсы тергеу жүргізілуде. Компанияшың үшінші тең иегері ұшақ апатынан қаза тапты. 

Оны салақтықта айыптап отыр, өйткені ол ұшақты қосымша отынмен толтыруды қарастырмаған. Ал апат себептерін сарапшылар лайнер бактарында отынның жеткіліксіздігі деп атады. 

Өткен сейсенбі күні 72 жолаушысы бар ұшақ Колумбияда апатқа ұшырады, жолаушылар арасында "Шапекоэнсе" бразилиялық клубының футболшылары болған. Ұшақ бортында 72 жолаушы мен экипжаждың тоғыз мүшесі болыпты. Футболшылар Оңтүстік Америка кубогіне қатысу үшін Медельин қаласына бет алған екен.
Жаңалықтар
0