Өңірлер

Сәрсенбіде қазақстанды тұман мен бұрқасын күтеді

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтутұман
тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді

АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауып, күндіз оңтүстікте қатты  жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарланады ҚР ТЖ комитетінің сайтында.  

Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, жел  15-20  м/с  күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының  кей жерлерінде көктайғақ, жел  15-20  м/с  күшейеді, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының  кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдін екпіні 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасынмен болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.

 

 

Жаңалықтар
0