Экономика

Елбасы отандық бәтеңкесімен мақтанды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуІс шараға қатысушылар
Іс шараға қатысушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев алматылық аяқ киім тігушілері өндірген бәтеңкесін сатып алғанын айтып, барлық қазақстандықтарға үлгі алуды ұсынды.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда өндірілген бәтеңке киетінін айтып, барша отандастарын өзінен үлгі алуға шықырды. 

Динара Сатжан - Sputnik Қазақстан
Динара Сәтжан: жуырда Қазақстанда дизайнерлер көбейеді

"Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы" ЖШС сәнді аяқ киім өндірісін іске қосу кезінде, ұлттық телекөпір барысында мемлекет басшысы осы өндірушілердің аяқ киімін киетінін айтты. "Мен сендердің аяқ киімдеріңді сатып алдым, аяғымды көтеріп, көрсетпей-ақ қояйын, бірақ мен сендердің бәтеңкелеріңді киіп отырмын", — деп мәлім етті Нұрсұлтан Назарбаев осы кәсіпорынның басшысына қарата. 

Президент барша қазақстандықтарды  "біздің жеңіл өнеркәсіпті қолдап, отандық тауарларды" сатып алуға шақырды. Сондай-ақ ол алматылық аяқ киім тігушілерге бәсекеге қабілетті болып, "итальяндықтар мен француздардың сапасынан кем болмауды" тіледі. 


Жаңалықтар
0