Әлем

Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube экстремизмге қарсы соғыс бастады

© Flickr/Ivan David Gomez ArceПернетақта
Пернетақта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube экстремизмге қарсы күреске ат салысады.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik.  Ең ірі төрт ғаламтор-компаниялары — Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube — "террорлық контенттің" ғаламторда тарап кетуіне қарсы күрестегі жаңа бастамасы туралы айтып берді деп жазады РИА Новости.

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ұлт араздығын қоздырып РФ қосылуға үндеу тастағаны үшін СҚО тұрғыны сотталды

"Біздің тұтынушы сервистерімізде терроризмді жақтаушы контентке орын жоқ. Бізге бұл жайында хабар түскен кезде, тез арада мұндай контентке қарсы шара қолданамыз", — делінген веб-алыптардың біріккен мәлімдемесінде.

Бүгіннен бастап компаниялар терроризмді насихаттайтын бейнежазбаларды анықтаушы сандық идентификаторлармен алмасатын болады. Бұл лаңкестермен байланысты жазбаларды анықтауға мүмкіндік береді.   

Жаңалықтар
0