АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Қазақстан аруы-2015 Әлия Мергенбаева Әлем аруы-2016" үздік жиырмалығына іріктеу кезеңінен өте алмай қалды. Бұл жайлы қыз Instagram парақшасында хабарлады.
"Қайырлы кеш, достар! Бүгін ТОП-20 қатысушылардың шығармашылық қойылымдарын тамашаладық. Бәрі тамаша әрі өте қызықты өтті. Қыздар сұлу да дарынды екен", — деп жазды "Қазақстан аруы-2015". Оқырмандардың бірінің ТОП-20 қатысушылардың арасындағы іріктеуге қатысты ма деген сұрағына, Әлия "өкіншке орай, ол кезеңге өтпедім" деп жауап берді.
Бұдан бұрын Вашингтонда ТОП-10 кезеңіне іріктеу байқауы болған еді. Ол кезеңге Польша, Венгрия, Латвия, Монғолия, Чили, Хорватия, Мальта, Филиппин, Украина және Канададан келген қатысушылар өтті.