Қоғам

5 желтоқсан күні көп оқылған жаңалықтар шолуы

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан шолуында Қазақстан тұрғындарын дүйсенбі, 5 желтоқсан күні қызықтырған ТОП-5 жаңалығы ұсынылады.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Қарағанды облысында Қарағанды облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті; курстастар Кентауда әйелді өлтіріп, оны өртеп жіберген; Матаевтардың ісі бойынша апелляциялық сот; алкоголі төмен сусындардың жарнамасына рұқсат беру; осы және басқа да туралы біздің шолуда. 

Қазақстандықтарды Қарағанды облысында жүк вагондарының рейстен шығып кетуі қызықтырды. Рельстің сынуына байланысты 18 вагон рельстен шығып кетті; неден болғанын арнайы комиссия анықтайды.

Бұдан бөтен дүйсенбі күні қазақстандықтардың назары Қазақстан журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаевтың ісі бойынша апелляциялық сотта болды. Сот отырысы барысында Матаевтың адвокаттары Мадина Бакиева мен Андрей Петров 20 өтініш білдіріп, оның ішінде соттың бірінші инстанциясы жіберіп алған тұстарды толықтыру үшін сот тергеу жұмысын қайта бастауды сұрады. Жәбірленуші тараптың өкілдері мен прокурорлар бұл өтініштермен келіспейтіндіктерін мәлімдеп, осы іс бойынша сот тергеуін жүргізудің қажеті жоқ екендігін айтты. 

БАҚ-тың хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында әйелді өлтіріп, оның денесін Кентау қаласында ен жерде өртеген екі ер адамға қатысты сот үкімі шығыпты. ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағына сәйкес, сот оларға жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 16 жылға бас бостандығынан айыруға соттады. 

Бұл ретте, ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың ақпаратына сәйкес, Қазақстанда алкоголі аз өнімдердің сауда таңбасын жарнамалауға рұқсат бермекші. "Біз алкоголі аз өнімдердің сауда таңбаларын жарнамалауға қатаң түрде бөлінген уақыт аралығында рұқсат беруді жоспарлап отырмыз", — деді Абаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның сөзіне сүйенсек, аталмыш норма ақпарат және байланыс мәселелеріне қатысты жасалған заң жобасында қарастырылған. Еске сала кетсек, 2004 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда алкогольді өнімдерді жарнамалауға тыйым салынған. 


Жаңалықтар
0