Спорт

Мәсімов триатлон федерациясын басқарды

© Photo : Рrimeminister.kzКәрім Мәсімов
Кәрім Мәсімов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәрім Мәсімов Қазақстанда триатлонның дамуына көмек көрсетуге ниетті

АСТАНА, 5 жел — Sputnik. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстандық триатлон федерациясының президенті болып сайланды,деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

"Оның кандидатурасын бүгін федерацияның конференциясында таңдады", — делінген хабарламада. 

Баспасөз хабарламасына сәйкес, конференцияға Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ федерация мүшесі, құраманың бапкерлік құрамы,  Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің қатысты. Өзінің сөйлеген сөзінде Мәсімов федерацияның жақындағы кезеңіне міндеттерді белгіледі. 

"Триатлон біздің ел үшін айтарлықтай жас спорт түрі. Оның дамуы бастапқы кезеңде тұр. Осы спорт түрінің жоспарлы және кешенді дамуын қамтамасыз ету қажет және ол кеөз кетерлік келешекте өз нәтижелерін береді", — деді Мәсімов.  

Кездесуде ұйымның қызметі туралы есеп тыңдалды. Бұдан бөлек федерация басқармасы органдарының жаңа құрамдар қалыптастырылды. 

 

Жаңалықтар
0