АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері (МКК ЭТҚ) Астанадағы синтетикалық есірткілерді тасымалдаушы ірі каналды тоқтатты деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай Facebook парақшасында.
"Сонымен, ЭТҚ офицерлері жедел іздеу шаралары аясында Астана тұрғыны – С. есімді азаматты ұстады, одан құрамында психотроптық заттар метилендиоксиметамфетамин (экстази) бар 981 дана таблетка тартып алынды", — деп хабарлады Жұманбай.
© Photo : Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитетіЭкстази
Экстази
© Photo : Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті
Аталмыш факт сот алды тергеулердің Бірыңғай реестрінде тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Есірткі заттарының шамамен есептелген құны 15 миллион теңгеден асады.
Күдікті есірткі сатушы сот санкциясымен қамауға алынды.