Қоғам

Алматыда шатырлардан мұз сеңі құлады

© Sputnik / Марат ЕлеусизовАлматыда шатырлардан мұз сеңдері құлады
Алматыда шатырлардан мұз сеңдері құлады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда ауа райының күрт жылынуы коммерциялық кәсіпорындарды шығынға батырды.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Алматыда дүйсенбіге қараған түні ауа райының күрт жылынып, жаңбыр  жаууы салдарынан, үй шатырларынан мұз сеңі құлады; кей жағдайда көпқабатты ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан коммерциялық кәсіпорындар шығынға ұшырады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Қарашаның екінші жартысында Алматыда қалың қар жауды. Шатырлардан алып мұз сеңдерінің құлауы туралы дүйсенбі күні таңертең әлеуметтік желілерді қолданушы бірнеше куәгер жаза бастады.

Куәгерлердің айтуынша, мұз сеңдері түн ортасында құлай бастаған. 

"Шатырымыз тесіліп кетіпті, оны дабыл құрылғысы арқылы білдік. Әйтеуір, түн ішінде болғандықтан, ол жерде ешкім жүрмеген", — деді кафелердің бірінің жұмыскері Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Мұз сеңі құлауынан зардап шеккен адамдар туралы хабар түскен жоқ. 

Жаңалықтар
0