Әлем

АҚШ әскерилері ИМ-не қарсы күрес стратегиясын қайта қарастырады

© Sputnik / Медиабанкке өтуХалықаралық әскери жаттығулар
Халықаралық әскери жаттығулар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ сайланған президенті Дональд Трамп әскери қызметкерлерге "Ислам мемлекетіне" қарсы күрес стратегиясын қайта қарастыруды тапсырды.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. АҚШ штабтары басшыларының бірлескен комитетінің төрағасы, генерал Джозеф Данфордтың мәлімдеуінше, әскерилер "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымына қарсы күрес жөніндегі стратегияны қайта қарастырады деп хабарлады РИА Новости Politico басылымына сілтеме жасап.

"Біз оны қайта қарастырмақпыз. Сайланған президент стратегияның қайта қаралуын тапсырды", — деп жазады басылым Данфордтың ұлттық қорғаныс форумында сөйлеген сөзін дәйек ретінде келтіріп. 

Сайлау алды кампаниясы барысында Трамп Сирия билігімен емес, лаңкестермен күресуді басшылыққа алатындығын мәлімдеген еді. Трамп, сонымен қатар, Сирия бойынша Ресеймен серіктесуі мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Жаңалықтар
0