АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин осымен үшінші мерзімге Қазақстан хоккей федерациясының басшысы қызметіне қайта сайланды деп хабарлайды Р-Спорт.
Бұл туралы федерацияның Астанада дүйсенбі күні өткен есептік-сайлау конференциясы барысында белгілі болды.
Мамин ҚХФ 2008 жылы қазаннан бері басқарып келеді, 2012 жылы қыркүйекте ол екінші мерзімге сайланды.
2016 жылы қыркүйекте Мамин Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылы сәуір мен 2016 жылы қыркүйек аралығында ол "Қазақстан темір жолы" АҚ президенті қызметін атқарған.