Өңірлер

Жұмыссыз шымкенттік қыздың көңілінен шығу үшін полицей киімін киіп алды

© SputnikПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент тұрғыны полицей киімін заңсыз кигені үшін айыппұл төлеп немесе ұзақ уақыт қамауға алынуы мүмкін.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Шымкентте жалған полицей ұсталды деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, өткен жұма 2 желтоқсан күні Шымкент қаласы ішкі істер басқармасының Абай бекініс пунктіне кафе күзетшісі хабарласып, мекемеде полицей киімін киген күдікті біреудің отырғандығын мәлімдеген.

© Photo : ОҚО ІІДПолицей киімін киген Шымкент тұрғыны
Полицей киімін киген Шымкент тұрғыны - Sputnik Қазақстан
Полицей киімін киген Шымкент тұрғыны

Оқиға орнына келген полицейлер 1975 жылы туылған жұмыссыз қала тұрғынын ұстады, ол полиция майорының киімін киіп алыпты.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, 41 жастағы ер адам осылайша құрбысының көңілінен шыққысы келген екен.

ҚР ҚК 390-бабы "Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иемденіп алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясына сәйкес сотталушының 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа салынуы, не 45 күнге қамауға алынуы мүмкін.

Жаңалықтар
0