Қоғам

ҚР-да алкоголі аз өнімдердің сауда таңбасын жарнамалауға рұқсат етіледі

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуШампан
Шампан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алкоголі аз өнімдерді қатаң түрде бөлінген уақыт ішінде жарнамалауға рұқсат етіледі.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik.  Қазақстанда алкоголі аз өнімдердің сауда таңбасын жарнамалауға рұқсат бермекші деп хабарлады ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев.

"Біз алкоголі аз өнімдердің сауда таңбаларын жарнамалауға қатаң түрде бөлінген уақыт аралығында рұқсат беруді жоспарлап отырмыз", — деді Абаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның сөзіне сүйенсек, аталмыш норма ақпарат және байланыс мәселелеріне қатысты жасалған заң жобасында қарастырылған. Еске сала кетсек, 2004 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда алкогольді өнімдерді жарнамалауға тыйым салынған. 

Жаңалықтар
0