АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Жаңа Зеландиядан келген саяхатшы Хлоя Филлипс-Харрис Қазақстанда ұсталды, өйткені көші-қон өкілдері Жаңа Зеландия Австралияның бір штаты деп оның төлқұжатын қабылдамай қойды деп жазады New Zealand Herald басылымы.
28 жасар Хлоя Филлипс-Харрис Алматы әуежайына мамыр айында келген. Филлипс-Харристің жаңалықтар порталына берген мәліметі бойынша, ол саяхатқа шығар алдында Жаңа Зеландия елшілігімен хабарласып, жаңазеландиялық төлқұжатпен Қазақстанға келе алатындығын сұрап білген.
"Қазақстанға соңғы түнгі рейспен келдім, көші-қон бөлімшесіне барып едім, олар менен австралиялық төлқұжат сұрап, онсыз кіре алмайтынымды мәлімдеді. Олардың айтуынша, Жаңа Зеландия – Австралияның бір штаты екен", — дейді Хлоя.
Бірнеше сағат тергелген қызды бір жарым тәулік бойы күзетші бөлмесінде ұстаған.
"Қазақстандағы таныстарым маған визаның жаңа түрін әкеліп, қажетті адамдарға ақша төлеп шығарып алды", — деп әңгімелейді саяхатшы.
Ол Қазақстанда алты ай бойы жүріп, үш аптада еліне оралды. Хлояның айтуынша, осы бір жағымсыз оқиғаға қарамастан, Қазақстанға тағы бір рет саяхаттап келгісі келеді.