Қоғам

Төртінші желтоқсанда ең көп оқылған жаңалықтар

© Sputnik / Болат Шайхинов Қар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
4 желтоқсанда қазақстандықтарды қандай жаңалықтардың қызықтырғанын Sputnik Қазақстан агенттігінің шолуынан оқыңыздар

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланып, жолдар жабылды; Алматы базарындағы су басу мен жер сілкінісі; апатқа ұшыраған баланың әкесі табылды, осы және басқа да жаңалықтар туралы  Sputnik Қазақстан агенттігінің шолуынан оқыңыздар. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астанада облыстық және республикалық маңызға ие жолдар жабылды. Алматы облысында қар көшкіні түсу қауіпінен дауылды ескерту жарияланды.

Қазақстандықтар жексенбі күні Алматы түбінде болған жер сілкіні туралы да оқыды: Алматы түбінде 4,5-4,6 магнитудалық  үш жер сілкінісі болды. Бірінші жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 476 шақырымда Қытай аумағында орын алды. Жер сілкінің кіндігі 5 шақырымдық тереңдікте орналасқан.

Алматы базарында орын алған су басу да оқырмандардың назарынан тыс қалғаан жоқ. Күннің жылынуына байланысты Алматы облысында су деңгейі көтеріліп,  салдарынан қаланың кейбір аудандарын су басты, жолдар шайылып кетті.  "Таңертең Райымбек даңғылының бойында орналасқан "Жібек Жолы" базары аумағын су басу туралы хабарлама кетіп түсті. Су басу ауданы шамамен 1000 шаршыметрді құрайды", — деп хабарлады қалалық құтқару қызметінде. 

Ең көп оқылған жаңалықтар легін тас жолда орын алған апат кезінде құтқарылған үш жасар бала туралы жаңалық аяқтайды. БАҚ-тың хабарлауына, 4 желтоқсан күні Астана-Бурабай тас жолында жол апаты болып, алты көлік соқтығысқан, оның ішінде жолаушылар автобусы да бар. Апаттан автокөліктердің бірінде болған үш жасар бала құтқарылды, қалған жолаушылардың барлығы қаза болған. Кейіннен баланың әкесі мен туыстары табылды. 


Жаңалықтар
0