Қоғам

"Астана" радиосының жүргізушісі Әлия Жүсіпова өмірден озды

Жазылу
Жас жүргізуші 35 жасында көз жұмды; соңында күйеуі мен екі кішкентай баласы қалды.

АСТАНА, 4 жел — Sputnik. 2 желтоқсан күні ұзаққа созылған дертінен соң "Астана" радиосының жүргізушісі Әлия Жүсіпова қайтыс болды деп хабарлады Facebook парақшасында радио директоры Гүлмира Қаракөзова.

"Мұндай сөздерді жазу қандай қиын… Бүгін түнде Әлия Жүсіповадан айырылып қалдық… "Астана" радиосының дарынды тілшісі, адал жар, аяулы ана, пәк әрі мақсатына берік адам… Ауыр дертінен айыға алмай жас тілшіміз қыршынынан қиылды… Әлияның жұбайы – Бауыржанның қолында шынашақтай екі сәбиі қалды. Әлия бізден декреттік демалыс алып кеткен еді, алайда, өкінішке орай, енді қайтып оралмайды… ешқашан… Қайғыдан қынжылып отырмыз… Иманды болсын… ", — деп жазды ол 2 желтоқсан күні парақшасында.

Бұл сөздердің астына жүздеген адамдар көңіл айтып, коментарийлер жазды, тілшінің таныстары Әлия туралы жылы сөздер айтуда.

БАҚ мәліметінше, радио жүргізушісі 34 жаста болған. Әлияны 3 желтоқсанда жерледі.

Жаңалықтар
0