Экономика

Астана мұнай шығару жоспарын өзге елдермен кездесуден кейін жариялайды

© Public DomainМұнай
Мұнай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан әлемдік мұнай қауымдастығының мұнайды өндіруді ұстап тұру туралы күш салуларын қолдайды. Өз жоспарын ОПЕК ұйымының мүше-мемлекеттерінің кездесуінен кейін жариялайды.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Қазақстан әлемдік мұнай қауымдастығының мұнайды өндіруді ұстап тұру туралы күш салуларын қолдайды. Өз ұстанымын ОПЕК ұйымының мүше-мемлекеттерінің және мүше емес мемлекеттері кездесуінен кейін жариялайды, деп хабарлады Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Қазақстан әлемдік мұнай қауымдастығының мұнайды өндірудің көлемін қысқарту жөніндегі ұмтылыстарын қолдайды. Қазақстан мұнайды өндірудің көлемі бойынша өз ұстанымын ОПЕК ұйымының мүше-мемлекеттерінің және мүше емес мемлекеттері кездесуінің қорытындысы бойынша хабарлайтын болады", — делінген хабарламада. 

ОПЕК-тің сәрсенбі күнгі бекіткен келісім бойынша, 2017 жылы 1 қаңтардан бастап мұнай алу көлемі күніне 1,2 миллион баррелден қысқартылып, 32,5 миллионға дейін жеткізіледі. 


Жаңалықтар
0