АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Полиция қызметкерлері Арқалықтан елордаға қарай жолға шыққан спортшы Малика Досымжанованы бірнеше тәулік бойы іздестіріп жатыр, деп хабарлады Астана ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.
ІІД-нің ақпаратына сәйкес, 28 қарашада Астана тұрғыны полицияға келіп, 27 қарашада 09.00-де оның кімелет жасына толмаған қызының дзюдодан өткен жарыста Арқалықтан Астанаға пойызбен келіп, үйге оралмағанын айтып, арыз жазған. Қазіргі уақытта туыстарының барлығы, оның араласатын таныстары мен достары да тексеріліп жатыр.
Астана ІІД қыздың қайда екенін анықтау үшін департаменттің жеке құрамы жұмылдырылған. Іздестіру ісі қозғалды.
Маликаның белгілері: бойы 155-160 сантиметр, арықша келген, шашы ұзын, қара, көзі қоңыр. Қанық көк түсті қалпақ, қарақоңыр спорт киімі, қанық қызғылт кроссовка киген.
Полиция егер кімде-кім қандайда бір мәлімет білетін болса мына номерлерге хабарласуын өтінеді: 102 немесе 8 (7172) 71-60-22, 8 747-575-96-45, 8 778-580-77-17.