Оқиға

Әйелін зорлаған күдіктіні соққан ер адам айыппұл төлейді

© Sputnik / Табылды Кадырбековжұдырық көрсетіп тұрған ер адамның суреті
жұдырық көрсетіп тұрған ер адамның суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысының тұрғыны әйелін зорлаған күдіктіні соққыға жығып, оған жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын жасағаны үшін айыппұл төлейтін болды.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Ақмола облысында зорланған болуы ықтимал әйелдің жұбайына үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісі. 

Есіл аудандық сотына жеке айыптау тәртібінде 1993 жылы туылған жігіт Д. есімді 1978 жылғы азаматтың жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салғандығы туралы арызданды. Арызданушының мәлімдемесіне сәйкес, Есіл қаласында 2016 жылғы 21 қазаннан 22қазанға қараған түні азамат Д. дәмханада үш рет жағынан соққан. Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, А есімді азаматқа жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтірілген. 

Сотталушы жасалған қылмыстық әрекетті мойындамай, сол түні дәмханаға зайыбын зорлау дерегі бойынша күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлерімен бірге келгенін айтты. А есімді азамат отырған  кабинкаға кіріп, оның қашып кетпеуі үшін ашумен ұстап алмақ болып, басына тиіс кеткен. Бірақ ол соққы жасамағанын алға тартты. Одан кейін оны келушілер ажыратып жіберген. Сотталушының пікірінше, А есімді азамат алған жарақаттарды зайыбы салған. 

"Сотталушы ҚР ҚК-нің 108-бабымен қарастырылған қылмыстық әрекет жасады деп танып, бұлбап бойынша оған 30 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшері 63 мың 630 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалсын", — делінген Есіл аудандық сотының үкімінде.

Есіл сотында агенттікке хабарлағандай, жеке айыптау тәртібінде сотталған Д есімді азамат процесс барысында адвокат жалдамаған. Сот үкімі заң күшіне енген жоқ. 


Жаңалықтар
0