Саясат

Елбасы мен РФ вице-премьері Байқоңырдың кейінгі дамуын талқылады

© Photo : Пресс-служба АкордыҚР президенті Назарбаев пен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин
ҚР президенті Назарбаев пен  РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі дамыту, сондай-ақ қорғаныс және қару-жарақ мәселелерін талқылады.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен  Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданң баспасөз қызметі. 

Кездесуде Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі дамыту, сондай-ақ қорғаныс және қару-жарақ мәселелері жөнінде Қазақстан мен Ресей үкіметтері жүргізіп жатқан жұмыстар барысы қарастырылды.

"Біз қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін бұған дейін де талқыладық. Осы мақсатпен біздің елде жеке министрлік құрылды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысына Ресей Үкіметінің вице-премьері болашақта бірлесе жүзеге асырылатын "Бәйтерек" жобасының техникалық жағы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Бұл жоба мүлде жаңа зымыран-ғарыш техникасын жасауға және зымыран жөнелту кешенін жаңғыртуға бағытталған. Жоба жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел басшылары тарапынан ресми рәсімделген жағдайда Байқоңыр қаласы мен жөнелту кешенін дамытудың жарқын перспективасына жол ашылады", – деді Д.Рогозин.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасында экономиканың басқа салалары бойынша да ілгерілеушіліктер бар екенін атап өтті.


Жаңалықтар
0