Жолдау кезінде Путин елдің негізгі проблемаларын атап көрсетіп, қиындықты еңсеру үшін Ресей игілігі үшін жұмыс істеу қажеттілігін айтты.
Елдің сыртқы саясаты жайында ой қозғаған Путин, елдің диалогқа үміттенетінін айтты.
"Тілектестік, теңқұқықты диалогқа, халықаралық істерде әділдік және өзара құрметтеу қағидаларын бекітуге үміттенеміз. Жиырма бірінші ғасырдың халықаралық қатынастарының тұрақты жүйесін құру туралы байсалды әңгімеге дайынбыз", — деді Ресей басшысы.