АСТАНА, 1 жел – Sputnik. Ақмола облысында хабар ошарсыз кеткен 17 жасар жеткіншек Астанадағы құрылыстан табылған, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жоғалып кеткен жігіттің анасы 29 қарашада полицияға арызданған. Оның сөзіне қарағанда, ол үйінен екі күн бұрын шығып кетіп, одан бері оның қай жерде екені белгісіз.
Жоғалып кеткен жеткіншіеткі Ақкөл АІІБ криминалдық полиция қызметкерлері Астанада тапқан. Жеткіншектің құрылысқа жұмысшы болып орналасқаны анықталды. Жас жігітті үйіне қайтарған.
Жалпы жылдың басынан бері ақмолалық полицейлер үйіне 16-17 жастағы 14 жеткіншекті қайтарған. Олар уақыттарын жолдастарымен өткізу үшін, қалаларға ойын-сауық және жұмыс іздеп үйлерінен кетеді. Бұл ретте телефондарын сөндіріп қояды. Жоғалып кеткен балалардың ата-аналары өздері іздестіреді. Олар, әдетте оң нәтиже бермейді. Содан кейін ғана полицияға жүгінеді. Ол іздестіру жұмыстарын қиындатады.