Қасымов: мас азаматтарды полицейлермен ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды

© Photo : mvd.gov.kzҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов неліктен елде медициналық айықтырғыштардың санын көбейту қажеттігін алға тарып отырғаны туралы айтып берді.

Касымов: пьяных граждан нельзя оставлять надолго с полицией
"Былай деп айтайын: мас адамды заң жүзінде уақытша ұстау изоляторына қамай алмаймыз. Дәрігерлер оларды ауру деп санамайды. Ал, полицей не істеу керек сонда? Келсе, мас адам әйелін сабап жатыр немесе көшеде мас күйінде жатыр. Сонда оны қайда жіберуіміз керек? Бүкіл әлемде  қалыпты тәжірибе.  Оларды медициналық емес айықтырғыш деп атасын. Қазір оларды бейімделу орталығы  деп атап жүр. Қалай атағыларыңыз келсе солай атаңыздар, бірақ біз ол айығып алғанша, оны бір жерде ұстауымыз керек", — деді Қасымов сәрсенбі күні тілшілерге. 


Жаңалықтар
0