АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі температура минус 3 - плюс 3ºС болып, бұл жерлерде көктайғақ та күтіледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 2-желтоқсанда күндіз, 3-желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2…плюс 10ºС дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, басымырақ жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады, сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болыңыздар