Өңірлер

Талдықорғанда Елбасыға арналған ескерткіш тұрғызылды

© Photo : Сайт акима Алматинской областиТалдықорғандағы Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші
Талдықорғандағы Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш президент күні қарсаңында Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш ашылды.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Талдықорғанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші ашылды деп хабарлады Алматы облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі. 

Сәрсенбі күні 30 қарашада Тұңғыш Президент скверінде ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Президент мүсінін орнату бастамасын Жетісу ардагерлері көтерді.

Ескерткіштің салтанатты ашылуында облыс әкімі Амандық Баталов құттықтау сөзін сөйледі. 

 

 

"Президентіміздің көпқырлы қызметінің ауқымдылығы, биік беделі Қазақстанның әрбір азаматына етене таныс. Біз, Алматы облысының тұрғындары Елбасының мүсінін орната отырып, өзіміздің шынайы ықыласымызды, риясыз алғысымызды, зор құрметімізді білдіреміз. Мемлекет басшысына арналған ескерткіш мүсін өзінің туған жерінде орнатылуы заңдылық. Тәуелсіздіктің 25 жылында Ұлт Көшбасшысы қазақстандық қоғамның біріктіруші факторы, тұрақтылықтың, гүлдену мен өркендеудің символына айналды", — деп атап өтті облыс әкімі Баталов.

РФ президенті Борис Ельцин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Фото
Елді өзгерткен тұлға: Нұрсұлтан Назарбаев Sputnik объективінде

Мүсіннің авторы ҚР құрметті сәулетшісі, "Құрмет" орденінің кавалері, 40-тан астам ескерткіштің авторы Қазбек Жарылғапов және танымал мүсінші, Суретшілер одағының мүшесі, 20-дан астам ескерткіштің авторы Мирлан Азмағанбетов.

Ескерткіштің биіктігі 4,2 метр, қоладан жасалған, ал тұғырының биіктігі 4,5 метр, күртілік қоңыр граниттен жасалған. Ескерткіштің кейін сквер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің аллеясымен жалғасады. Сквердегі жүргінші жолының екі жағында гранит қабырғада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері қоладан жасалған.

Жаңалықтар
0