Қоғам

ҚР-да еріктілерді көтермелеу заңы енгізілмек

© Болат ШайхиновМүмкіндігі шектеулі жан
Мүмкіндігі шектеулі жан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасы Қазақстанда жыл сайын көбейіп келе жатқан еріктілерді экономикалық емес қолдау әдістерін табуға бағытталған.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. ҚР парламент мәжілісі депутаттары сәрсенбі күні пленарлық отырыста "Ерікті қызметі туралы" заң жобасын қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.

"Елімізде әр түрлі еріктілер қозғалысы қарыштап дамып келеді, еріктілер ұйымдары пайда болуда. Екінші жағынан, бұл мәселелер нормативті-құқықтық тұрғыдан реттеліп отырған жоқ", — дейді депутат Гүлнәр Иксанова.

Заң жобасы еріктілер қызметіндегі азаматтық қоғам және мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары институттарының арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды жүйелейді. Сонымен қатар, заң жобасы еріктілер қызметін көтермелеу және ынталандырудың экономикалық емес әдістерін, еріктілерді материалдық-техникалық қолдау механизмдерін, сондай-ақ тиімді еріктілер бағдарламасын жүзеге асыратын ұйымдар мен әлеуметтік еріктілік саласындағы жобаларды тағайындайды. 

Жаңалықтар
0