"Эйр-Астана" экипаж командирі ММА балуандарын жеңіспен құттықтады

© Sputnik / Асем МиржекееваММА Қазақстан құрамасы елге оралды
ММА Қазақстан құрамасы елге оралды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдан ұшқан кезде "Алматы-Астана" рейсі экипажының атынан құттықтау сөзі айтылды.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik, Әсем Миржекеева. ММА бойынша Әлем чемпионатының жүлдегерлері туған елге қайта оралды. Ұзақ уақыт жолдан шаршап келген спортшыларды Алматы-Астана әуе рейсі командирінен алғашқы құттықтау күтіп тұрды.

Елордалық әуе айлағында ММА ұлттық құрамасын бұл спорт түрін сүйетін қауым мен жанкүйерлер алып баннерлер мен гүл шоғырларын ұстап қарсы алды. Рейс жолаушылары бір-бірімен сыбырласып, мерекелік кездесу себепкерлерін күтіп тұрды.

© Sputnik / Әсем МиржекееваАстана әуежайында ММА Қазақстан құрамасымен кездесу
Астана әуежайында ММА Қазақстан құрамасымен кездесу - Sputnik Қазақстан
Астана әуежайында ММА Қазақстан құрамасымен кездесу

Гойти Дазаев – ақтөбелік балуан – орташа салмақ дәрежесінде рингке шығып, финалдық жекпе-жекте қарсыласынан жеңіліс тауып, күміс медальге ие болды. Ол жеңістің қолда болғанымен, бірдеңенің жетіспегендігін мойындады.

"Финалдық жекпе-жекте ресейлік балуан Алибек Расуловқа қарсы шықтым. Жеңіс соның жағында болып, әділқазылар бір ауыздан соны жеңімпаз деп таныды. Қазір ғана бірдеңенің жетіспей қалғанын сезініп тұрмын. Бәлкім басты бағдарламаны дұрыс орындамаған шығармын. Үйге келген соң, қателіктермен жұмыс істейтін боламын", — деді ММА бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Гойти Дазаев.

© Sputnik / Әсем МиржекееваГойти Дазаев (күміс жүлдегер), Мират Бекишев (қола жүлдегер), Исмаил Героев (Азия чемпионы)
Гойти Дазаев (күміс жүлдегер), Мират Бекишев (қола жүлдегер), Исмаил Героев (Азия чемпионы)  - Sputnik Қазақстан
Гойти Дазаев (күміс жүлдегер), Мират Бекишев (қола жүлдегер), Исмаил Героев (Азия чемпионы)

Чемпионаттың қола жүлдегері Мират Бекишев те жеткен жетістігімен тоқталып қалмақ емес. Ол денсаулығын түзеп, қайтадан ринг төріне шықпақшы, мақсаты – алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы белдігін тағу.

© Sputnik / Әсем МиржекееваМират Бекишев
Мират Бекишев - Sputnik Қазақстан
Мират Бекишев

Sputnik Қазақстан тілшісімен сұхбаттасу барысында ММА бойынша ұлттық құрама бапкері Баян Жанғалов Макао рингін бағындырған команданың тәжірибесі аз, жаңа құрам болғандықтан, алтын жүлде иелене алмады дейді. 

Бірақ, бас бапкердің айтуынша, біздің балуандар ресейлік құрама мүшелерінен қалысқан жоқ, олар да чемпиондық белдікке басты үміткер қазақстандықтар деп санаған екен.

ММА федерациясы президенті Анатолий Кимнің сөзіне сүйенсек, бұл сапар ойдағыдай болды, алайда Макаоға барған алғашқы күннен бастап, құрама туған елін сағынып, отанына тезірек оралуды аңсапты. 

Қорыта айтқанда, ММА бойынша Қазақстан федерациясының болашаққа жоспары көп, бірақ олар туралы әзірше тіс жармауды жөн көреді. 

Жаңалықтар
0